Қызылордаға Үкімет резервінен бөлінетін сома қсықарады
Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету жобасына Үкімет резервінен бөлінетін қаражат 11 млрд теңгеден 10,8 млрд теңге азайтылмақ.
Фото: Kazinform
12:11 15.11.2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі көпшілік талқылауына шығарған бұйрық Үкіметтің қаулысына өзгеріс енгізуді көздейді.
«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған резервінен Қызылорда қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Қызылорда облысының бюджетіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 10 812 102 953 (он миллиард сегіз жүз он екі миллион бір жүз екі мың тоғыз жүз елу үш) теңге сомасында қаражат бөлінсін», - деп жазылған құжатта.
Оған облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу шығындарынан 215,1 млн теңге үнемдей алуы себеп болған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!