Жетісуда көлігі бұзылып, ақ түтек боранда қалып қойған адам құтқарылды
2024 жылғы 15 қарашада Жетісу облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ер адам туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
12:13 15.11.2024
Түн ішінде үйге бара жатып, көлігінің ақаулығынан тұрып қалған ер адамдарды құтқарушылар Алакөл ауданының Қабанбай ауылынан 20 шақырым жерде тапты.
"Құтқарылған аман-есен жақын орналасқан елді мекенге жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ",- деп мәлімдеді ТЖМ.
ТЖМ ауа-райының қолайсыздығында жолға шықпауға кеңес береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!