Павлодарда балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болып қалды
Павлодар облысындағы балалар үйінің бірінде кәмелетке толмаған қыздың екіқабат екені туралы ақпаратты өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: nvdaily.ru
12:13 15.11.2024
Үш апталық жүктілік фактісі медициналық тексеріспен де расталған.
"Қыз 16 жасқа келді. Ол зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады. Өзара келісім бойынша байланысқа түскенін айтады. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ол келісім беретін жасына кірді. Тиісінше қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ. Жасөспірім мен баланың әкесі арасында неке қиылды", деп Pavlodarnews.kz Сәуле Шәкенованың сөзін келтіреді.
Облыстық білім беру басқармасының аталмыш факт бойынша хабары бар болып шықты.
"Тәрбиеленушінің үш апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды. Факт бойынша қамқоршысы, орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына өтініш жазды. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілді",– дейді басқармадағылар.
Жағдай кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызға кәмелетке толмаған ер баланың ата-анасы қаржылай көмек көрсетеді.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!