{metadescription}
Оралда жүк көлігі мектеп қоршауын бұзып өтті

Оралда жүк көлігі мектеп қоршауын бұзып өтті

Орал қаласында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан жүк көлігі мектеп ауласына кіріп кеткен.

Қаладағы №36 орта мектеп директоры Ерік Темірғалиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 14 қараша күні шамамен сағат 21.00-ден кете болды. К.Меңдәлиев көшесімен келе жатқан жүк көлігі әуелі Hyundai жеңіл көлігімен түйісіп, содан кейін мектеп қоршауын бұзып өткен. 

«Жол апаты салдарынан сыртқы қоршау сынды. Оны жүргізуші қалпына келтіреді. Автоөліктерді айып тұрағына алып кетті. Алдын ала мәліметке қарағанда, жүк көлігі жүргізушісінің жүрегі ұстап қалған», - деді Kazinform тілшісіне № 36 мектеп директоры Ерік Темірғалиев.

Орал қаласы білім беру бөлімі баспасөз қызметінің нақтылауынша, қоршау құлаған, мектеп қабырғасының сыртқы сылағы түсіп қалған. Аса үлкен зақым келмеген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жартылай тіркемесі бар «Scania» жүк көлігінің жүргізушісі К.Меңдәлиев көшесімен келе жатып, №36 мектеп маңында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, рульге ие бола алмай, тоқтап тұрған «Нуundai 130» көлігімен түйісуге жол берген. Содан кейін темір қоршауды бұзып өтіп, мектеп ауласына кіріп, қабырғаға тіреліп тоқтаған. Мектеп ғимаратына зақым келмеген. 

«Жол апаты салдарынан «Scania» жүк көлігінің жүргізушісі ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізіліп, нейроинсульт бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендер жоқ, көлік иелеріне материалдық шығын келтірілген», деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде