Перизат Қайрат параспорт федерациясындағы қызметінен алынды
Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды, деп хабарлайды аталған федерацияның баспасөз қызметі.
Фото: instagram.com/01pk
16:13 15.11.2024
«Перизат Қайраттың ұсталуына және тергеуге байланысты, ол ұйымның президенті қызметінен босатылды. Шешім 14 қарашада федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданды. Біз параүстел теннисінің және спортшыларымыздың дамуына қолдау көрсете отырып, ашықтық пен заңдылық қағидаттарына сәйкес жұмысымызды жалғастыра береміз», - делінген хабарламада.
Ұйымның мәліметінше, Перизат президент болып тағайындалғаннан кейін бірде-бір ресми отырыс өткізілмеген.
Еске салсақ, кеше еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!