Қор нарығында доллар қымбаттап жатыр
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
19:05 15.11.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,91 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 495,95 теңге.
Kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 498 теңге. Еуро 525 — 528 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 494 теңге, сатып алу құны – 499 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,95 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 15 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 493,85 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге.Еуро — 519,04.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!