{metadescription}
Түркияның екі аймағында 5 балға жуық жер сілкінді

Түркияның екі аймағында 5 балға жуық жер сілкінді

Түркияның Малатия провинциясының Доганшехир ауданында Рихтер шкаласы бойынша 4,9 балдық жер сілкінісі болды. Біраз уақыттан кейін Ризе провинциясының Хемшин ауданында тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлады.

Малатиядағы жер сілкінісінен кейін бірден Ризеде де 4,7 балдық зілзала тіркелді. Дүмпу Артвин, Байбурт, Эрзурум және Трабзонда да сезілген.

Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және апаттарды басқару департаментінің (AFAD) хабарлауынша, адамдар дүрбелеңге түсіп, көпшілігі үйлерін тастап кеткен.

Құтқарушылар жағдайды бақылап, жергілікті билік тұрғындарды сабырлық пен сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде