100 млн-ға жуық теңге алып қашып кеткен қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Фото: видеодан алынған скрин
09:36 18.11.2024
«Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған», - делінген хабарламада.
Күдікті осы жылдың шілде айында Санкт-Петербург қаласында ұсталған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды. Егер оның қылмысы дәлелденде 10 жылға дейін сотталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!