{metadescription}
Президент тапсырмасы: шаруалардан астық сатып алу басталады

Президент тапсырмасы: шаруалардан астық сатып алу басталады

Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 150 мың тонна астық сатып алу қарастырылып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылау кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында бүгін корпорация астықты сатып алу бағасын жариялайды. Үкімет резервінен осы бағытта 10 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражаттың есебінен 150 мың тонна сатып алу қарастырылып отыр», - деді А. Сапаров.

Оның айтуынша, тағы да астық сатып алу үшін қаражат бөлу мәселесі ертең Үкіметте қаралады. 
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары астық сатып алу бағасының құлдырауына байланысты жағдайды қалпына келтіру үшін не істеліп жатқанын сұрады. 
Өз кезегінде министр бұл жұмыстарға да Азық-түлік корпорациясы қатысатынын айтты.

«Олар өздері талқылаған ірі келісімшарттарды орындау үшін қазірдің өзінде фермерлерден астық партияларын жинастырып жатыр. Қазір құны 20 млн доллар болатын 5 экспорттық келісімшарт жасалған. Астықты тасымалдау шығындарын субсидиялау ережелері таяуда қабылданады. Субсидиялаудың бұл түрі Қара теңіз, Балтық, Оңтүстік Шығыс Азия және басқа да порттарға астықты тасымалдау құнын төмендетеді. Бұл тұрғыда біздің астық Еуропа, Африка, Кавказ және басқа да перспективалы нарықтарда бәсекеге қабілетті болады. Ережелер жақын арада қабылданады. Барлық министрліктер келісті. Осы аптада біз бұл мәселелерді шешеміз», - деді ведомство басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде