{metadescription}
Денсаулық саласындағы ұлттық операторға жаңа өкілеттіктер берілді

Денсаулық саласындағы ұлттық операторға жаңа өкілеттіктер берілді

Денсаулық сақтау министрі «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы» бұйрыққа өзгеріс енгізді.

Енгізілген өзгеріске сай, ұлттық оператор қызметіне жаңадан мынандай функциялар қосылды:

- денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша;

- денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша;

- медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру;

- медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу;

- денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша;

- денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша;

Бұйрық 2024 жылғы 26 қарашадан бастап күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде