{metadescription}
Алматы маңында 5 мыңға жуық абонент көгілдір отын желісінен уақытша ажыратылады

Алматы маңында 5 мыңға жуық абонент көгілдір отын желісінен уақытша ажыратылады

Алматы маңында 19 қараша күні ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы хабарлады. Жоспарланған жұмыстарға орай Алматы облысы Іле ауданының бірнеше елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады. Олар:

  • Көктерек ауылы
  • «Энергетик» саяжай-кооперативі
  • Байсерке ауылы
  • «Проектировщик» саяжай-кооперативі
  • «Надежда» саяжай-кооперативі.

Сондай-ақ «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғындарға жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюға және іске қосу шаралары толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауға кеңес берді.

— Бұл - мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар. Сұрақтарыңыз болса, 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласа аласыз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз, - деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалынан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде