{metadescription}
Мүгедек жандарға зейнетақы мен жәрдемақыны бірдей алу құқығы беріле ме

Мүгедек жандарға зейнетақы мен жәрдемақыны бірдей алу құқығы беріле ме

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының мүгедек жандарға бір мезгілде зейнетақы мен мүгедектігі бойынша жәрдемақыны алу құқығын беруге қатысты сауалына жауап берді.

«Мемлекет тарапынан берілетін мүгедектігі үшін жәрдемақы және жасына байланысты зейнетақы әлеуметтік төлемдердің түрлері саналады және олар әртүрлі өмірлік тәуекелдерге негізделген. Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адам зейнеткерлік жасқа жеткен кезде оған жәрдемақыны төлеу тоқтатылып, зейнетақы тағайындалады (еңбек өтіліне, алған жалақының мөлшеріне қарай).

Егер де тағайындалатын зейнетақы бұрын алған жәрдемақыдан (тиісті санаттары үшін) аз болса, онда жәрдемақының мөлшеріне дейін жеткізіледі (қосымша ақылар арқылы). Ал егер мүгедектігі бар адамдар зейнеткерлік жасқа толғанда, зейнетақы алуға негіз болмаса (құқығы жоқ, объективті жағдайға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорында жарналары жоқ, мүлдем жұмыс істемеген) мүгедектігі бойынша алып отырған жәрдемақының мөлшері сақталады», - деді вице-премьер.

Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова оларға оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша қарастырылған техникалық құралдары (кресло-арба, протездік бұйымдар, ноутбуктар, есту аппараттары, ұялы телефондар және т.б.) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін және өтеусіз негізде тұрақты пайдалануға берілетіндігін айтады.

«Бұл нормалар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Осыған орай, бір мезгілде зейнетақы мен жәрдемақыны алу бюджетке айтарлықтай ауыртпашылық түсіретінін ескере отырып, қазіргі уақытта аталған мәселені қарастыру жоспарда жоқ екенін хабарлаймыз», - деді ол.

Үкімет басшысының жауабына қосымша берілген анықтамаға сәйкес, 2025 жылы жәрдемақы мөлшері жалпы ауруы бойынша I топ үшін 101 702 теңге, II топ - 81 362 теңге, III топ - 55 474 теңге, мүгедектігі бала кезінен болса I топ үшін 101 702 теңге, II топ – 84 598 теңге, III топ – 74 428 теңгені құрайтын болады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде