Астанадағы төрт баланың өмірін қиған өрт: Қылмыстық іс қозғалды
Астана қаласында төрт баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалатын болды.
Фото: Астаналық ТЖД
17:50 17.11.2024
Бұл туралы елордалық ТЖД хабарлады.
«Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!