{metadescription}
Қостанай облысында төрт адам газдан уланып, көз жұмды

Қостанай облысында төрт адам газдан уланып, көз жұмды

Қайғылы оқиға Қостанай облысы Амангелді ауданы Қарынсалды ауылында болды. Құтқарушылар келген бойда төрт адамның мәйітін тапты.

Қаза тапқандардың арасында үш бала мен ер адам бар. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті 17 қарашада 112 пультіне Амангелді ауданы, Қарынсалды ауылында жеке тұрғын үйде, алдын ала мәлімет бойынша 6 адам көмірқышқыл газынан зардап шеккені туралы хабарлама түскен.

– Оқиға орнында 1957 жылы туған ер адам мен 2016, 2021, 2022 жылы туған үш баланың мәйіттері табылды. Тағы екі зардап шегуші шұғыл түрде Арқалық қаласының ауруханасына жатқызылды, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.

Қазір онда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы мен жедел топ оқиғаның себептерін анықтауда.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде