{metadescription}
Павлодарда екі студент қыз төртінші қабаттан құлап кеткен

Павлодарда екі студент қыз төртінші қабаттан құлап кеткен

Зардап шеккендер жергілікті колледждердің бірінде оқиды.

Қазір олар ауруханаға жатқызылып, ем қабылдап жатыр. Павлодардағы колледждердің бірінде оқитын екі студент қыз түн ортасында төртінші қабаттың терезесінен төсек жаймасымен сырғып түспек болып, абайсызда жерге құлаған.

«Екеуі түнгі сағат 01:15–те төртінші қабатта орналасқан бөлмелерінен терезе арқылы далаға шықпақшы болған. Сөйтіп төсек жаймасын арқан ретінде пайдаланып түсе бастағанда жерге құлаған. Құлаған сәтте екеуі де зардап шеккен. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Қыздар кәмелет жасына толмаған», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерді дәрігерлер қарап шыққанын жеткізді.

«17 жасар қызға бас сүйегінің жабық жарақаты, миының шайқалуы, бел омыртқасының созылуы, оң жақ тізе буынының жарақаты диагноздары қойылды. Ал 16 жасар қызда кеуде омыртқаларының сынуы анықталды. Олардың жағдайы орташа деп бағалануда», — деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметінен.

Бұған ұқсас жағдай өткен демалыс күндері Екібастұз қаласында да болған. Ішімдікке тойып алған ер адам пәтеріне балкон арқылы кірмекші болғанда жерге құлап, жамбасы мен қос қолының білегін сындырып алған.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде