{metadescription}
Алматылықтардың коммуналдық қызметтерге қанша қарызы бар

Алматылықтардың коммуналдық қызметтерге қанша қарызы бар

Қазан айындағы көрсеткіш бойынша Алматыда 2,2 миллион адам тұрады. Kazinform тілшісі еліміздегі ең ірі мегаполис тұрғындарының коммуналдық қызметтерге нақты қанша қарызы бар екенін анықтады.

«Алматы су», «Алматы жылу жүйесі», «АлматыЭнергоСбыт» және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалынан алынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша алматылықтардың қарызы келесідей:

- Сумен жабдықтау қызметтері бойынша 308 млн теңге;

- Кәріз қызметтері бойынша 117 млн теңге;

- Жылу энергиясы бойынша 1 млрд 587 млн теңге;

- Электр энергиясы бойынша 90 млн теңге;

- Тұтынылған тауарлық газ бойынша 808 млн теңге.

Ал жеке тұлғаның әр коммуналдық қызмет бойынша ең жоғары берешегі мынандай:

- сумен жабдықтау қызметтері үшін 534,7 мың теңге;

- кәріз қызметтері үшін 245,9 мың теңге;

- жылу энергиясы үшін 1,03 млн теңге;

- электр энергиясы үшін 1 млн 786 мың теңге;

Айта кеткен жөн, сумен қамтамасыз ету және кәріз қызметтері бойынша төленбеген берешек 16 жыл болса, жылу энергиясы мен электр энергиясы бойынша 3 жыл бойы төленбей келе жатқан қарыздар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.