{metadescription}
Алматыда есірткі жарнамалаған ерлі-зайыпты қамауға алынды

Алматыда есірткі жарнамалаған ерлі-зайыпты қамауға алынды

Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлі-зайыптылар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды жарнамалады деген күдікке ілінді.

Полицейлер жеке тінту кезінде ұсталғандардан аэрозоль бояуы, телефон, медициналық пипеткалар, есірткі сайттарының мекенжайлары жазылған трафареттер және басқа да сурет салу құралдарын тәркіледі.

"Ұсталғандардың екеуі де нашақор екені және мефедрон қолданатындығы белгілі болды. Біраз уақыттан бері ерлі-зайыптылар ақшалай сыйақы алу үшін ғимараттардың қасбеттеріне есірткі жарнамаларын сала бастаған, сол үшін ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.