{metadescription}
Талдықорғанда сары майдың құрамынан ішек таяқшасы шықты

Талдықорғанда сары майдың құрамынан ішек таяқшасы шықты

Қаладағы дүкендердің бірінен майлылығы 82,5% болатын өнім сатып алынып Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын аккредиттелген зертханаға тексеруге тапсырылған. Өнімді кешенді зерттеу кезінде ішек таяқшасы тобының бактериялары (БГКТ) табылды.

Мамандар анықталған бактерия денсаулыққа қауіп төндіреді, әсіресе ішек инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін ескерсек, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін дейді. Сондай ақ, Жетісу облысында Ресейден келетін шұжық және сүт өнімдері техникалық регламент талаптарына сай келмеген.

«Рейсейден келген сүт өнімі «Бабушкина крынка» мен «Черкизова» шұжығына тыйым салу туралы шешім қабылдадық. Өйткені олар техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейді. Өнімнің сыртын қаптаған қағаз-целофанда тұтынушыға мемлекеттік тілде ақпарат жазылмаған», - дейді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысы Бибігүл Омарова.

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті мамандарының мәліметінше, Петропавлда «халал» деп сатылған жылқы еті консервілерінде шошқаның ДНҚ-сы анықталған.

«Азық-түлік өнімдерін зерттеу хаттамасына сәйкес Петропавл қаласында сатып алынған «Жылқы еті «халал» консервілерінде шикізат құрамы бойынша сәйкессіздік анықталды. Жоғары сезімтал сынақ жинағын қолдана отырып жүргізілген зерттеуде өндірісте шошқаның ДНҚ-сы табылды. Сонымен қатар, өндіруші өз өнімдерін жарнамалай отырып, өнімнің «Халал» талаптарына сәйкестігі құрамдас ингредиенттердің жоғары сапасын, құрамында жеуге тыйым салынған компоненттердің жоқтығын растайды деп мәлімдейді»,- дейді ҚР СИМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті. Еске салайық бұған дейін «Сапалы өнім» жобасының нәтижелері хабарланды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде