{metadescription}
Олжас Бектенов Тауарлардың электрондық каталогін жаппай енгізуді тапсырды

Олжас Бектенов Тауарлардың электрондық каталогін жаппай енгізуді тапсырды

Қаржы министрлігі Тауарлардың электрондық каталогін жаппай енгізуді қамтамасыз етуі керек.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Тауарларды қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы сыныптама бекітілді. Ол шикізат пен өнімді сәйкестендірудің халықаралық стандарттарын қолдануға, сондай-ақ біздегі барлық каталогтерді біріктіруге бағытталған. Сондықтан Қаржы министрлігі Тауарлардың электрондық каталогін жаппай енгізуді қамтамасыз етуі керек», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының атап өтуінше, жоғары оқу орындарының жанында ғылыми зерттеулер мен зертханалық сынақтардың кең спектрін жүргізе алатын ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді. Олардың әлеуетін пайдалану қажет. Сондықтан Олжас Бектенов Ғылым министрлігі олардың бизнеспен қарым-қатынас жасау тәсілдерін дайындауы керектігін баса айтты.

«Биыл Техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл алаң барынша ашық болып, мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық пен халық үшін бірыңғай қол жеткізу нүктесіне айналуға тиіс. Сауда министрлігі осы ақпараттық жүйенің функционалын кеңейткені жөн», - деді ол.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде