Қазақстанда крематорий мен колумбарий салынады
Денсаулық сақтау министрі «Зираттар мен жерлеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына түзетулер әзірледі.
18:10 19.11.2024
Ашық НҚА порталына орналастырылған түзетулерге сәйкес, колумбарийлер мен қайтыс болған адамдардың күлі бар жәшіктерді жерлеуге арналған қайғы қабырғалары арнайы бөлінген жер учаскелеріне орналастырылуы керек. Колумбарийлер мен қайғы қабырғаларын зираттар аумағынан тыс жерлерде тұрғын үйлерден, емдеу, балалар, білім беру, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелерінің, бау-бақша серіктестіктерінің, коттедждік құрылыстардың, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің аумақтарынан кемінде 50 метр қашықтықта оқшауланған жер учаскелерінде орналастыруға болады. Кремациядан кейінгі қалдықтарды (күлді) урналарға көмуге колумбарийлерде және қабірлерде жол беріледі.
Крематорийлер және колумбарийлер құрамында үй-жайлардың мынадай топтары көзделеді:
- қайтыс болған адамдарды тамбурмен, вестибюльмен, тоңазытқыш камерамен қабылдау үй-жайлары және қайтыс болған адамдарды кремациялауға дейін сақтауға арналған үй-жайлар;
- қайтыс болған адамдарды кремациялауға, кремация залы, кремацияланған қалдықтарды өңдеу үй-жайы, күлі бар жәшіктер қоймасы, газ тазарту үй-жайы, жөндеу шеберханасы, инженерлік-техникалық қызмет үй-жайлары, санитариялық-техникалық үй-жайлары, демалыс және психологиялық тұрғыдан жеңілдену бөлмесі бар өңдеуге және сақтауға арналған үй-жайлар.
Крематорийлердің құрамына кіретін барлық үй-жайларды механикалық ынталандырумен жабдықтау және шығару желдету жүйелерімен жабдықтау қажет. Ауаны қайта өңдеу жүйелерін қолдануға жол берілмейді.
Крематорий - қайтыс болған адамдарды кремациялауға (өртеуге) арналған пештермен жабдықталған технологиялық кешен.
Колумбарий – қайтыс болған адамдарды кремациялаудан кейінгі күлі бар жәшіктерді сақтау орны.
Құжат 2 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!