{metadescription}
Алматы облысында мұғалімдерге жарты жыл жалақы төленбеген

Алматы облысында мұғалімдерге жарты жыл жалақы төленбеген

Алматы облысындағы жекеменшік мектеп мұғалімдеріне жарты жылдан астам уақыт бойы жалақы төленбеген.

Облыстық прокуратурадан мәлім еткендей, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік мектеп-гимназиясы мұғалімдердің жалақысын бермеген.

«Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге тиесілі қарыздың жалпы сомасы 40 миллион теңге. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған», - деп хабарлады ведомстводан.

Прокуратура борышкердің жылжымайтын мүлкі барын анықтады.

«Алынған қаражат қарыздарды өтеуге жұмсалды, бұл мұғалімдердің еңбек құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.