{metadescription}
Президент Сербия Премьер-министрімен кездесті

Президент Сербия Премьер-министрімен кездесті

Белградқа ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Республикасының Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Президент Александр Вучичпен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтті.

"Сербиямен берік достыққа және өзара түсіністікке негізделген ұзақ жылғы серіктестігіміз бен көпжақты байланысымызды жоғары бағалаймыз. Бүгін ғарыш, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі, білім, туризм салаларында үкіметаралық және ведомствоаралық бірқатар маңызды келісімге қол қойылды. Түрлі деңгейдегі тұрақты саяси диалог пен экономикалық өзара ықпалдастық біздің түпкі мүддемізге сай келеді", — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сербия үкіметтерін қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру үшін бірлесе әрекет етуге шақырды. Атап айтқанда, екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа тың серпін беретін ірі жобаларды нақтылау қажет екенін айтты.

Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес жұмысына зор үміт артатынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде