Текеліде қолдан жасалған әдіспен есірткі заттарын дайындағандар 10 жылға сотталды
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі заттарын, олардың аналогтарын заңсыз дайындау, қайта өндеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу мақсатында сақтау фактісі бойынша (ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 2 және 3-тармақтары) екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
08:37 20.11.2024
2023 жылдың желтоқсан айында сотталушылар WhatsApp, Telegram және Signal әлеуметтік желілері арқылы М. есімді белгісіз азаматпен сөз байласып, оның басшылығымен Текелі қаласында қолдан жасалған әдіспен 3 келіден астам есірткі заттарын дайындаған.
«Айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары және қылмыстық істің басқа да материалдарымен делелденді. Бұл әрекет аса ауыр қылмыстар санатына жатады және қоғамға ерекше қауіп төндіреді. Сот үкімімен айыпталушылар өздеріне тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!