Алматылықтардың орташа жалақысы 15,5 пайызға өсті
Алматыда осы жылдың бірінші жартыжылдығында қалада орташа еңбекақы 15,5 пайызға өсіп, 468 мың теңге болды.
Фото: Алматы әкімдігі
10:11 20.11.2024
Қала экономикасы басқармасы мәлім еткендей, сәуір айында инфляция наурыз айында 9,7%-дан 9,1%-ға дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан ары 7-8%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр.
«Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Жыл басынан бері 50 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталып тұр. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1% өсіммен 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жалпы, 2024 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеге дейін, 2025 жылы — 2,35 трлн теңгеге дейін ұлғаяды», — деп хабарлады басқармадан.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда орташа жалақы 468 мың теңге (республика бойынша — 392,6 мың теңге) болды. Номиналды мәнде жалақы 15,5%-ға, нақты мәнде 5,7%-ға өсті.
«Жылдық инфляция тамыздағы 8,6% — дан қыркүйектегі 8,3% — ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7% — ға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6% — ға дейін төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8% — ға дейін, 2025 жылы-6,5 — 7,5% — ға дейін төмендейді деп күтілуде», — деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.
Осы жылдың басында елімізде 1,8 млн адамның жалақысы өскені туралы жазған едік.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!