ШҚО-да вейп сатқандарға қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді
Маусым айында жаңа заң күшіне енгелі бері Шығыс Қазақстан облысында вейп сатқандарға қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді.
Фото: ШҚО Полиция департаменті
12:36 20.11.2024
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласында жедел уәкілдер 900-ден астам вейп сатпақ болған күдіктілерді ұстады.
«21 жастағы күдіктіні «тауарды» жергілікті тұрғынға сатып жатқан кезінде ұстаған. Ер адам қойма ретінде пайдаланған ғимараттан шамамен 10 миллион теңге тұратын 916 электронды темекі тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, биылғы 20 маусымнан бастап жаңа заң күшіне енгеннен кейін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2200-ден астам вейп, 540-тан астам хош иістендіргіш пен сұйықтық, 54 темекі өнімі, 240 картридж және 56 буландырғышты тәркіледі.
Сол уақыттан бері 11 қылмыстық іс тіркеліп, 4 іс бойынша айыптау үкімі шықты. Кінәлілердің әрқайсысына 150 АЕК (553 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!