Қазақстанның бүкіл өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады
Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) маңызды мәлімдеме жасалды. Ведомство Қазақстанның барлық қаласында 2024 жылғы 21 қарашада дабыл белгісі қосылатынын ескертті.
Фото: pixabay
12:57 20.11.2024
2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау" тақырыбында "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан. Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады. Практикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.
РКШОЖ шеңберінде азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізу жоспарланған.
"21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдары мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирі қармалады", - деп жазады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бұл іс-шара халықтың "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізілетіні нақтыланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!