{metadescription}
Мәжіліс балабақшаларды лицензиялау туралы заңды қабылдады

Мәжіліс балабақшаларды лицензиялау туралы заңды қабылдады

Мәжіліс заңнамаға білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізуге арналған заңды екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдады.

Аталған заң жобасы балабақшалардың жұмысын лицензиялау тетігі арқылы реттеуді көздейді. 

«Министр мырза, мұны көпке созуға болмайды. Лицензияны кіргізу керек және біз мына Кәсіпкерлік кодексті алып тастауымыз керек. Балаға білім беретін, тәрбие беретін нысандардың бәрін прокуратурасыз барып тексеруіміз керек. Мен өзі немеремді ондай жеруге беруден қорқам. Себебі ол ондай жерден қандай адам болып шығуы мүмкін? Ол жерге қандай адам кіріп, жұмыс істеп жатыр? Білмеймін ғой, оның басын қалай улап жатқанын», — деген еді депутат Еділ Жаңбыршин құжаттың бірінші оқылымында.

Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі. 

Оның аясында:

— ата-аналарға балабақшаларды өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі;

— барлық мектепке дейінгі ұйым (меншік нысанына қарамастан) заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырысқа өтінім беруге хақылы болады;

— қаржыландыру баланың балабақшаға бару фактісі бойынша жүзеге асырылады.

Бұл заң бала асырап алудың тәртібін де өзгертеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде