ҰҚК есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандықты ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық ұсталғаны туралы хабарлады.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
18:02 20.11.2024
Биыл 4 қарашада ҰҚК Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ақтауға есірткі жеткізу арнасын жойды.
"Осы арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Заңсыз айналымнан каннабис тобына жататын 300 келі есірткі заты тәркіленді", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!