Әйелін ұрып, шашын қырып тастаған мұғалім сотталды
Айыпталушы өзбекстандық мектепте мұғалім болып жұмыс істеген және 2 әйелмен бірге тұрып келген, хабарлайды Kazinform.
Фото: видеодан алынған кадр
13:46 21.11.2024
Мәлім болғандай, Гүлістан қаласының тұрғыны Қ.Б. жұбайы азамат Н.Е.-мен (әйел) қызғаныш салдарынан жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ер адам әйелін ұрып, дене жарақатын салған. Оның шашын да қырып тастаған. Ер адамның мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегені анықталды. Ол екі әйелмен ортақ негізде тұрған. Жәбірленуші оның бірінші заңды жұбайы болды.
Жағдайға қатысты сот ісі Өзбекстанның Гүлістан қалалық сотында қаралды. Сот үкімімен ер адам Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 126 (көп әйел алу) және 126-1 (отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылық) баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!