ІІМ секс құлдыққа түскен оқушы ісіне қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасына қатысты пікір айтты.
Фото: freepik
14:18 21.11.2024
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден «осы іс бойынша қамауға алынғандардың сатты артты ма?» деп сұрады. Өз кезегінде Е. Сәденов ұсталған күдіктілер саны өзгермегенін айтты.
«9 қылмыстық істің арасында бесеуі (тергеу амалдары) аяқталды. Бұл тұрғыда бірнеше іс қаралып жатыр. Осылардың барлығын аяқтағаннан кейін, сот нақты нүктесін қояды», - деді ведомство басшысы.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!