{metadescription}
Қор нарығында доллар арзандап жатыр

Қор нарығында доллар арзандап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,47 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 494,87 теңге.

Ұлттық банктің 21 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 495, 20 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,94 теңге. Еуро – 522,34.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 497,5 теңге. Еуро 521,5 – 525 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 494 теңге, сатып алу құны – 499 теңге. Еуро 520 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,91 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде