{metadescription}
Климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі дауылдың жылдамдығын орташа есеппен 29 км/сағ-қа арттырды

Климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі дауылдың жылдамдығын орташа есеппен 29 км/сағ-қа арттырды

Ғалымдар климаттың өзгеруі дауылды жылдамдатады деген қорытындыға келді: соңғы алты жылда Атлантикалық дауылдың жылдамдығы орта есеппен 29 км/сағ артты.

Бұл мұхит суларының жылынуымен байланысты, деп хабарлайды BILD.

Environmental Research: Climate журналында жарияланған зерттеу 2019 жылдан 2023 жылға дейін жел жылдамдығының артуына байланысты 40 дауыл Саффир-Симпсон шкаласы бойынша бір санатқа көтерілгенін көрсетті.

- Атлант мұхитының температурасы Цельсий бойынша 2-3 градусқа, кей жерлерде 4 градусқа дейін жылынған. Дауылдар жылы судан өрши түседі, бұл оның күшін арттырады, - дейді зерттеудің жетекші авторы, климаттанушы Дэниел Гиффорд.

Оның айтуынша, 5-санаттағы дауыл 1-санаттағы дауылға қарағанда шамамен 400 есе көп шығын әкеледі.

Биылғы ең жойқын дауылдың қатарында климаттың өзгеруіне байланысты 26-39 км/сағ күшейген Берил, Хелен және Милтон дауылдары бар. АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы климаттың өзгеруі дауылдың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне де әсер ететінін атап өтті, мысалы, торнадолар сериясын тудырған Милтон дауылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.