Қостанайда құбыр жарылып, мектеп пен тұрғын үйлер жылусыз қалды
Апат жерасты жылу желісінде болған. Қостанайда 8 тұрғын үй, мектеп және спорт залы жылусыз қалды.
Фото: Степногрск қаласының әкімдігі
13:29 22.11.2024
Қалпына келу жұмыстарын сағат 20:00-ге дейін жоюға уәде берді, деп хабарлайды Kazinform. Жылу-энергетика компаниясының мәліметінше, апат Бородин №221А көшесінде диаметрі диаметрі 150 мм құбырда болған.
«№5 орта мектеп, бастапқы әскери дайындық спорт залы және Шипин көшесіндегі № 168, 170, 172,172А, 174, 174А, 176 үйлер, Бородин көшесіндегі №221А үй жылудан ажыратылды. Құбырды қалпына келтіру жұмыстары 2024 жылғы 22 қараша сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!