Дмитрий Мун жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.
Фото: primeminister.kz
14:41 22.11.2024
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Дмитрий Мун Андреевич 1991 жылы 2 сәуірде дүниеге келген.
2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2014 жылғы тамыз - 2017 жылғы қыркүйек аралығы – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да, «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеді;
2017 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы қараша аралығы – ҚР прокуратурасының лейтенанты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Аналитикалық бөлімінің бастығы;
2019 жылғы қазан - 2023 жылғы тамыз аралығы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да инженер-бағдарламашы, жоба жетекшісі, Big Data жөніндегі басқарушы директор;
2023 жылғы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!