{metadescription}
Ақтөбеде мүгедектігі бар 500 адам баспана алу құқығынан айырылған

Ақтөбеде мүгедектігі бар 500 адам баспана алу құқығынан айырылған

Ақтөбе қалалық прокуратурасы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тексеру барысында 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек 500 адамның баспанаға мұқтаждар ретінде тіркелмегендігін анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл деректер мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын бұзу саналады. Себебі кезекке тіркеу — оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің кепілі.

Заңға сәйкес, жеке баспанасы жоқ мүгедектер кейіннен әлеуметтік баспана алуды немесе өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік қолдау алуды қажет ететіндердің тізімінде болуға құқылы.

“Сонымен қатар, Конституция күніне орай 39 мүгедекке 1 950 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетпеу, сондай-ақ 17 азаматқа 850 000 теңге көлемінде бір реттік төлем төлемеу деректері анықталды. Сондай-ақ, 1-ші топтағы мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасын әзірлемеу және 200 ЖОБ-сын іске асырмаудың 152 деректері анықталды. Қазіргі уақытта мүгедектердің құқықтары қалпына келтіріліп, олар баспана есебіне алынып, барлық қажетті төлемдер өтелді“, — делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде