Абай облысындағы жарылыс: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Фото: polisia.kz
19:21 22.11.2024
22 қараша сағат 10:30 шамасында Үржар ауданында жылу қазандығы жарылды. Салдарынан қазандық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.
"Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді. Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды", — деді Үржар аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы Мұхтар Құрманғалиев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үржар ауданындағы жарылыс салдарынан 18 шаршы метр алаңдағы қазандықтың шатыры жартылай опырылып түскен.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!