Автобус аударылып, 40-қа жуық адам зардап шекті
Францияда жолаушылар автобусы 5 көлікке соғылды. Апат салдарынан 5 адам ауыруханаға жеткізілді, бұдан бөлек тағы 31 жолаушы зардап шекті.
Фото: leparisien
09:27 23.11.2024
Оқиға Францияның Шевили-Ларю (Валь-де-Марнпрефектурасы) аумағында болған. Көмекке 80-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Жергілікті билік бұл оқиғаны «Каэтано» дауылынан кейінгі ауа райының нашарлауымен байланыстырды. Аумақта жауын, қар жауып, жолдарда көктайғақ болған. Оның үстіне Валь-де-Марн префектурасында ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіптіліктің қызғылт-сары дабыл деңгейі жарияланды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!