{metadescription}
Алматы облысында монша өртенді
Алматы облысында орналасқан екі қабатты монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: ТЖМ
11:08 23.11.2024
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, екінші қабаттағы бу бөлмесі мен төбе жабындысының жанғанын анықтады.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 45 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!