Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: gov.kz
18:37 23.11.2024
«23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жариялануға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!