{metadescription}
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады
Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде әскери қызметшісі-сарбаз көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растады.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
09:16 24.11.2024
«Ағымдағы жылы 23 қарашада Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады, - делінген хабарлама.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!