Теміртауда өртке оранған пәтерден 84 жастағы әже құтқарылды
Қарағанды облысының өрт сөндірушілері дер кезінде келіп, оқыс оқиғаға тап болған әйелді құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото: ТЖМ
09:03 25.11.2024
— Теміртау қаласы Менделеев көшесі бойында үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде қоқыс өртенді. Өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар пәтерден 1940 жылы туған әйелді құтқарып, үйден табылған 1 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Оған медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ күшімен жану толығымен сөндірді, — делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!