{metadescription}
Жоғарғы Сот: электронды білезіктер жиі қолданыла бастады

Жоғарғы Сот: электронды білезіктер жиі қолданыла бастады

Биылғы жылдың 10 айында ғана соттар заң бұзған адамдарға 505 рет электронды білезік тағу шарасын қолданған, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдарды соттардың қарауы мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары, Парламент Мәжілісінің депутаты А.Құспан, Республикалық адвокаттар алқасының (РАА) төрағасы А.Бикебаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Г.Бижанова, сондай-ақ Бас прокуратураның, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және РАА өкілдері қатысты.

Қатысушылар соттардың қамауға алуға санкция беруден бас тартуының үлестік пайызы жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті.

Егер 2021 жылы соттар қамауға алу туралы өтінішхаттардың 90%-ға жуығын қанағаттандырса, 2024 жылы – тек 75%-ын ғана қанағаттандырған.

Сонымен бірге, қамауға алудан бас тарта отырып, соттар үйқамақ пен кепілге алуды жиі қолдана бастады.

2021 жылмен салыстырғанда үйқамағын таңдау 860-тан 1911-ға дейін немесе екі еседен астамға, ал кепілге алу - 4 есеге (59-дан 214-ке дейін) өсті.

Биыл Жоғарғы Соттың бастамасымен электронды білезік деп аталып кеткен жазалау түрін қолдану жобасы қолға алынды.

2024 жылы электронды бақылау құралдары үйқамаққа алынғандардың 60 пайызында қолданылған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 3 пайыздан аспаған.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырудың өзекті мәселелері де атап өтілді.

«Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша аталған институттарды қолдану практикасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді»,-делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде