Ақтөбедегі әскери қызметшінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе облысында әскери қызметшінің суицид жасауына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады kazinform.
Фото: Kazinform
11:00 24.11.2024
«Осы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды. Құрлықтағы әскер қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген Ақтөбе гарнизоны таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!