2025 жылы Павлодар облысында «Ақылды қала» жобасы іске қосылады
«Ақылды қала» ауқымды жобасын облысқа қарасты үш қалада іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлім етті.
Фото: Валерий Бугаев
13:02 25.11.2024
«Біздің жұмыстың маңызды бағыттарының бірі — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жағдайды жақсарту үшін 156 әлеуметтік нысанда 5 567 бейнебақылау камерасы орнатылды. 2025 жылы біз AI-жасанды интеллект аналитикалық платформасын қолдана отырып, облыстың үш қаласында «Ақылды қала» ауқымды жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, өңірдің үш қаласында қоғамдық орындарда, 150 қиылыста, 250 желілік және 20 республикалық жол учаскелерінде 4 мың бейнебақылау камерасы орнатылады», — деді облысы әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, облыс басшысы өңірдегі халық үніне құлақ асу қағидатының жүзеге асыру барысына тоқталды.
«Тиімді коммуникациялар құру және кері байланыстың басты алаңы — әлеуметтік желі жұмысымыздың негізіне айналды деп санаймын. Жыл басынан бері біз 60 мыңнан астам азаматтың өтініші қабылданды, оның 70% пайыздан астамы оң шешімін тауып, қажетті шара қабылданды», — деп толықтырды А. Байханов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!