Павлодар облысында 31 шақырым жылу желісі қайта жөнделді
Биыл Павлодар облысында жылыту маусымына дайындық барысында жылу желілерін салу, қайта құру жұмыстарына 25 млрд теңге бөлінді. Одан бөлек, ауызсу мәселесін шешуге 16,4 млрд теңгеге 18 жоба іске асырылды.
Фото: Kazinform
12:50 25.11.2024
«Облыстың инженерлік инфрақұрылымының әбден тозығы жеткен. Сондықтан, бұл мәселені шешу, желілерді жаңарту және энергия көздерін дамыту біздің күнделікті жұмыс. Жыл сайын жөндеу науқанын біз 3 қаланың тәуелсіз жылу-техникалық аудитінің қорытындысы және жүргізіліп жатқан гидравликалық сынақтар негізінде ұйымдастырдық. Биыл жылыту маусымына дайындық кезінде 25 млрд теңгеге 31 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар, ұзындығы 4 жаңа жылу магистралі салынды, 9 және 19,3 шақырым желі жөнделді. Бұл коммуникациялардағы апаттар қаупін азайтуға мүмкіндік берді, алайда атқаратын жұмыс жетерлік», — деді облысы әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Одан әрі облыс әкімі халықты таза ауызсумен қамту мәселесін көтерді.
«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын белсенді жүргізіп жатырмыз. Бұл салада 16,4 млрд теңгеге 18 жоба іске асырылды. Қала тұрғындарының сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97%-дан 98,5%-ға ұлғайды. Ал ауыл тұрғындарына сапалы ауыз су 99,3%-ға қамтылған. Келесі жылы біз бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», — дейді өңір басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!