ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы екінші вакцинаны мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі (mpox) вирусына қарсы екінші вакцинаны мақұлдады. Оны балаларға да қолдануға болады. Бұл вакцинаны жапониялық «KM Biologics» компаниясы жасаған және «LC16m8» деп аталады. Бұл туралы Uza.uz хабарлады.
19:14 25.11.2024
2024 жылдың қыркүйегінде пайдалануға рұқсат етілген даниялық «Bavarian Nordic A/S» компаниясына тиесілі «MVA-BN» бірінші вакцинасы 18 жастан асқан адамдарға қолдануға арналған еді.
Жапонияда шығарылған жаңа вакцинаны ересектер ғана емес, төтенше жағдайда бір жастан асқан балалар да қабылдай алады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесінде Жапония үкіметі маймыл шешегі өршіп тұрған Конго Демократиялық Республикасына коммерциялық емес көмек ретінде осы вакцинаның 3 миллион дозасын жеткізуге шешім қабылдағаны айтылған.
Қыркүйекте mpox инфекциясын жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 2 763 жаңа жағдай тіркелген. Анықталған науқастардың көпшілігі – Африка аймағының тұрғындары.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!