{metadescription}
Жүк таситын ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады

Жүк таситын ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады

Литва астанасы Вильнюсте жүк таситын ұшақ екі қабатты тұрғын үйдің үстіне құлады. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Delphi басылымы хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, DHL компаниясына тиесілі ұшақта төрт адам – екі ұшқыш және екі жолаушы отырған. Ал оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша 5:31-де болған.

Апатты жағдайдың себебі әлі анықталған жоқ. Тек бір ұшқыштың аман қалғаны, ол кабинадан шығарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылғаны хабарланды.

LRT телеарнасының мәліметінше, ұшақ Лейпцигтен көтеріліп, Вильнюс әуежайының маңында құлаған. Алайда оқиға әуежайдың жұмысына әсер еткен жоқ. Әзірге ұшақта қандай жүк болғаны белгісіз.

«Аталған апатты жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы жақын арада анықталады», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.