Оралда 21 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Орал қаласында 21 жастағы қыз Шаған өзенінен өтетін көпірден секіріп кетті.
Фото: ТЖМ
09:18 26.11.2024
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 қараша күні болды.
«112 пультіне хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жетті. Олар қызды өзеннен шығарып, психологиялық көмек көрсетті. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында қыз аман қалды. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!