Алаяқтар телефон қоңыраулары арқылы әйелдің 800 мың теңге қаражатын қолды қылған
Ақмола облысының тұрғыны алаяқтардың кезекті құрбаны болды. "Қауіпсіздік қызметі" деген жалған жалауды көтеріп әйелді алаяқтар 800 мың теңгеге тонап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
11:21 27.11.2024
Полиция мәліметінше, алаяқтар әйелге телефон нөмірінің мерзімі бітті деген сылтаумен ауыстыруды ұсынған. Жәбірленуше болса, еш күдіктенбестен SMS арқылы алған кодын айтқан. Алайда, алаяқтар мұнымен шектеліп қалмады және өздерін банк қауіпсіздігі қызметкерлері ретінде көрсете отырып, қоңырау шалуды жалғастырды.
Телефон арқылы байланыста қаскөйлер әйелді әбден шатастырып, қорқытып, оған 500 мың теңге несие рәсімдеумен қатар, жинағындағы 300 мың теңгені аударғызған.
Құқық қорғау органдары азаматтарға бейтаныс абоненттермен қарым-қатынас кезінде қырағылықтың маңыздылығын еске салады. Полицейлер SMS-хабарламалардан және жеке мәліметтерден кодтарды үшінші тұлғаларға бермеуді, сондай-ақ бейтаныс адамдардан кез келген нұсқауларды орындау кезінде абай болуды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!