Алматы облысында бірнеше автожол көктемге дейін жабылды
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бүгіннен бастап 2025 жылдың 31 наурызына дейін облыстың екі ауданында автожолдар жабылғанын хабарлады.
14:47 27.11.2024
Автожолдар жабылуының басты себебі — таулы аймақтағы қар көшкіні қаупі.
Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында келесі бағыттағы автожолдар жабылады:
1) «Есік қаласы — Есік көлі» 7-ден 15 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол;
2) «Турен-Батан Асы обсерваториясы» 15-тен 41 км-ге дейін автожол;
3) «Талғар қаласы — Спутник лагері» 6-дан 11 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!